«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 13, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 140 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 166 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17195 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: